Қазақстандық полицейлердің 30 мың қоғамдық көмекшісі бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық полицейлердің 30 мың қоғамдық көмекшісі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шындығында да бізге қоғамдық көмекшілер қажет-ақ. Қазіргі уақытта бізде 5 мыңға жуық қоғамдық құрылым бар, шамамен 30 мың азамат қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысады. Олар: зейнеткерлер, ішкі істер органдарының ардагерлері, студент жастар. Мәселен, студенттер қалашықтарында қоғамдық тәртіп қорғау мен жатақханаларды шолу үшін жастарды барынша тартамыз», - деді Тұрғымбаев.

Оның пайымынша, бұл қоғамдық тәртіпті қорғауға жауапкершілікпен қарауға жұмылдырудың белсенді түрінің бірі.

«Бұған қоса қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жатпайтын кейбір сәттерді қоғамның өзі әшкерелуі тиіс. Өнеге, әдеп және қоғамдағы жүріс-тұрыс мәселелер бар. Меніңше, бұл ретте учаскелік полицейдің, мектеп инспекторының және азаматтардың бірлескен жұмысы оң әсер беретін болады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, мал ұрлығы жиі орын алатын ауылдық жерлерде полицияға көмек беретін арнайы жасақтар құрылған. Дәл осындай жасақтар бар өңірлерде мал ұрлығы жоқ десек те болады.

Соңғы жаңалықтар