Қазақстандық полицейлер тұрғын үй жалдау үшін өтемақы ала бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 сәуірден бері ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін ала бастады. Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтқан тапсырмасы іске асып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

2020 жылдың 29 қазанында өткен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары қызметкерлерінің қаржылық жағдайын 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен 30 пайызға саралай арттырып, сала өкілдеріне әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй жалдау үшін өтемақы төлеу мәселесін жолға қоюды тапсырған болатын.

Берік Уәлидің мәіметі бойынша, тұрғын үй өтемақысына қатысты тапсырма биыл бірінші сәуірде толығымен орындалған.

«Биылғы 1 сәуірден бастап ІІО қызметкерлерлері Қоғаныс министрлігінің әскери қызметшілері сияқты тұрғын үй төлемдерін алуға құқылы», - деп жазады Берік Уәли.


Соңғы жаңалықтар