Қазақстандық полицейді өлтірген қаскүнемдер Қырғызстанның Шу облысында ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жоғары қызметтегі полицейді өлтірген адамдар 7 жыл бойы Қырғызстанда жүрген, деп мәлім етті Жамбыл облыстық ІІД бастығы Бекет Аймағамбетов жұма күні өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл туралы КирТАГ хабарлады.

«Жеті жыл бұрын ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) мүшелері Қордай аудандық тергеу бөлімінің басшысын өлтірген. Шу облыстық МІІД-нің көмегімен Қырғызстанда жеті жыл бойы жасырынып, осы елдегі ҰҚТ-мен байланыста болған бұл қылмыскерлер ұсталды», - деп ақпараттандырды қазақстандық полицияның өкілі.

Ол осы жеті жылда қылмыскерлер бірлесіп заңға қайшы әрекеттерін іске асыру үшін шекардан талай рет өткенін айтты.

Соңғы жаңалықтар