+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Қазақстандық параспортшылар Азия ойындарына аттанды

2018 жылғы 29 қыркүйек 16:33
Бөлісіңіз:
Қазақстандық параспортшылар Азия ойындарына аттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында еліміздің параспортшыларын Джаркатада өтетін ІІІ Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Джаркартадағы ІІІ Азия паралимпиада ойындары 6-18 қазан аралығында өтеді. Оған елімізден спорттың 9 түрінен 91 параспортшы қатысады. Атап айтқанда үстел теннисі, парадзюдо, паражүзу, оқпен ату, парапауэрлифтинг, садақпен ату, шахмат, пара жеңіл атлетика, отырып ойнау волейболы.

«Елімізде ерекше күтімді қажет ететін жандардың спортпен айналысуы үшін жағдай жасалуда. Соның бір дәлелі - жуырда Елбасының қатысуымен Астанада ашылған паралимпиадашыларға арналған жаттығу залы. Ол өз кезегінде спортшыларға жағдай жасап қана қоймай, олардың осындай спорттық бәсекелерде жеңіске жетуге ынталандырады. Ең бастысы, бір тудың астында бір команда болып еліміздің абыройын қолдан бермей, намысын қорғау», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық командалар мен спорт резервтері дирекциясының директоры Самат Ерғалиев.

null

Оның айтуынша, параспортшылардың нәтижелі жетістікке жететініне сенім мол. Атап айтқанда, Зульфия Габидуллина, Раушан Қойшыбаева, Әнуар Ахметов секілді спортшыларға үлкен үміт артылып отыр. Бұның тағы бір себебі - аталған Азия ойындары спортшылардың халықаралық біліктілігін жетілдірумен бірге, 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиадаға жолдама береді.

null

Салтанатты шара соңында мемлекеттік ту паражүзу бойынша Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Әнуар Ахметке табыс етілді. Спортшы Азия ойындарының салтанатты ашылу сәтінде де еліміздің туын алып жүреді.

null

Айта кетейік, бұған дейін өткен Азия ойындарында елімізден параспорттың 9 түрінен 82 спортшы қатысып, оның ішінде 7 адам алтын медаль иеленген. Биылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанғандарға берілетін сыйақы сомасы белгіленген. 1 орын иеленген спортшыға - 10 мың доллар, 2 орын - 5 мың доллар және 3 орынға - 3 мың доллар табыс етіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Азиада,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT