Қазақстандық параспортшы Әлем кубогында «алтын» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық жас параспортшы Захир Буймов пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық паралипиада комитетіне сілтеме жасап.

«Осы жылдың 25-28 сәуір күндері Венгрияның Егерь қаласында өткен пара пауэрлифтингтен Әлем кубогында юниорлар арасында Захар Буймов 49 келі салмақта алтын медаль иеленді», - деп хабарлайды паралимпиада комитеті.

Айта кетсек, бұған дейін отандық спортшыларымыздың пара атлетикадан халықаралық чемпионаттан қос бірдей жүлдеге ( 1 алтын, 1 күміс) ие болғанын хабарлаған болатынбыз. https://kaz.inform.kz/news/para-zhenil-atletika-halykaralyk-chempionaty-kazakstanda-kos-zhulde-bar_a3521642

Соңғы жаңалықтар