USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстандық паралимпиадашылар ат спортынан Мәскеу кубогін жеңіп алды

2016 жылғы 13 желтоқсан 09:13
Бөлісіңіз:
Қазақстандық паралимпиадашылар ат спортынан Мәскеу кубогін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ат спортынан мүмкіндігі шектеуле жандар арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы бір алтын және екі күміс медальдар еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстар 6-9 желтоқсан аралығында Мәскеу түбіндегі Химки қаласында өтті. Ел намысын паралимпиадашы төрт спортшы қорғады. Оның үшеуі олжалы оралды.

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «алтынды» В тестінде Диас Ескермесов жеңіп алды. «Алғашқы үйрету» сынағы бойынша А тестінде Алмас Исанов екінші орынға ие болды. Қазақстанға тағы бір күміс медальді Айғаным Ермекова алып келді. Ол Дерби тесті және музыкалық сүйемелдеумен еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Олардың әрқайсысында екінші орынды иеленіп, нәтижесінде күміс алқа тағынды.

Жарыстардың жеңімпазы Диас Ескермесов 2015 жылы Лос-Анджелесте өткен Дүниежүзілік жазғы Арнайыландырылған Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Спортшы үш медаль - алтын, күміс және қоланы еншілеп қайтқан еді. 2015 жылдың соңында одан ақыл-есінің кемістігі диагнозы алынып, ол колледжге оқуға түсе алды.

Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитетінен атап өткендей, Шығыс Қазақстан облысында паралимпиадалық ат спорты бойынша ел құрамасын жасақтауға мүмкіндік беретін жақсы база бар.

«Қолда бар базаны үш-төрт атпен толықтырып, бапкерлік құрамның біліктілігін аздап жоғарылатып жіберсе, алдымен, рейтингілік, одан әрі - төрт жылдан кейін Токиода өтетін дүниежүзілік халықаралық паралимпиада ойындарына қатысу туралы ойластыруға болатын еді», - деп жазылған Комитет сайтында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT