Қазақстандық Паралимпиада чемпионы туралы не білеміз

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының бейресми жалпыкомандалық кестесінде 17-орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаңғышы Александр Колядиннің классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік жарыста жеңіп алған алтын медалі Қазақстанды 17-орынға шығарды. Тізімнің басында 8 алтын, 6 күміс, 6 қола медальмен АҚШ құрамасы тұр. Қазірге дейін 22 елдің паралимпиадашылары медаль жеңіп алды. Жарыстар 18 наурызға дейін жалғасады.

Қазақстандық паралимпиада чемпионы бұған дейін 2014 жылғы Паралимпиадаға да қатысқаны белгілі, бірақ онда жүлде жеңе алмаған болатын.

Қостанайлық 45 жастағы Александр Колядин LW4 сыныбында өнер көрсетеді. 1997 жылы ол қайғылы оқиғаға ұшырап, 3-топ мүгедегі болып қалған соң, аяғына протез салынды. Тағдырдың тауқыметіне мойымаған жігерлі спортшы 2013 жылы шаңғы жарысымен барынша шұғылдана бастайды. 2014 жылдан бері Василий Коломиецтің қоластында жаттығып келеді.

Автокран басқарушысы мамандығына ие, шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. 

Соңғы жаңалықтар