Қазақстандық парадзюдошылар халықаралық жарыста 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында парадзюдодан өткен халықаралық турнирде отандастарымыз 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық додаға әлемнің 9 елінен ең таңдаулы балуандар қатысты. Соның бірі - Қазақстан балуандары.

Аталған турнирде жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көріне білді.

Атап айтсақ, Ануар Сариев (60 кг) пен Ғалымжан Махмудов (90 кг) чемпион атанса, Даулет Теміржанов (73 кг) пен Азамат Бимұратов (81 кг) күміс медальға ие болды.

Соңғы жаңалықтар