Қазақстандық парадзюдошы әлемдік Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан Әлемдік Гран При турнирінде қазақстандық спортшы Олжас Оразалы қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Олжас Оразалы жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті.

Жарыс нәтижесі бойынша әзербайжандық Ширинли Вугар жеңімпаз атанса, Бельгия спортшысы Алекс Болога екінші орынға табан тіреді.

Байрақты бәсекеде 35 мемлекеттің балуандары 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиада ойындарына жолдама ұпайларын сарапқа салып жатыр.

12-15 мамыр аралығында өтіп жатқан додада Қазақстан намысын 4 салмақ дәрежесінде жеті спортшы қорғауда.

null null

Соңғы жаңалықтар