Қазақстандық ойыншы «Ақжайықтан» «Қызылжарға» ауысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық жартылай қорғаушы Ардақ Сәулет «Ақжайықтан» «Қызылжарға» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылжар» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жаңа ойыншымен еңбек шартына қол қойылды.

Астана футболының түлегі А.Сәулет соңғы жылдары Оралдың «Ақжайық» клубында ойнап, 31 матчта 2 нәтижелі пас берді.

Қазақстан премьер-лигасында барлығы 67 кездесу өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ардақ Сәулет құрамында болған «Ақжайық» өткен жылы Қазақстан чемпионатында соңғы орын алып, бірінші лигаға түсіп қалған еді.

Қазіргі кезде петропавлдық клуб Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бизнесменнің Месси мен Роналдудың қатысуымен өтетін матчқа 2,5 млн еуроға билет сатып алғанын жазған едік.


Фото: «Қызылжар» футбол клубы.


Соңғы жаңалықтар