Қазақстандық отбасылардың шамамен 15 пайызы бала сүйе алмай жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бедеулік – әрбір оныншы қазақстандық отбасының ажырасуының бір себебі. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик Вячеслав Локшин Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да медициналық журналистика курсында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда бедеуліктің жиілігі шамамен 15%-ды құрайды.

«Жыл сайын мамандарға 20,5 мыңға жуық жұп жүгінеді, олардың 40-45%-ы көмекші репродуктивті технология жүргізуді қажет етеді. Бүгінгі таңда 100 ерлі-зайыптының 34-і ажырасқан. Ажырасу жағдайларының 10% себебі – балалардың болмауы», - деді Вячеслав Локшин.

Репродуктолог атап өткендей, бедеулік - екі адамның проблемасы, оны бірлесіп шешу қажет.

«Мен айтып өткендей, отбасында балалардың жоқтығы әйелдерді ғана алаңдатпайды. ЭКҰ-ға келгендердің 50% - ер адамдар. Егер ерлі-зайыптылар балалы бола алмаса, олар ЭКҰ-ға жүгінеді. Тексеру кезінде негізгі факторлар белгілі болады. Емдеудің барлық процесі - уақытты, күш-жігерді және жақсылыққа деген сенімді қажет ететін жол. Сондықтан мұнда науқастардың психологиялық жағдайы белгілі рөл атқарады», - деп атап өтті спикер.

Вячеслав Локшиннің айтуынша, елде балалы болуға ынталандыратын отбасылық саясат болуы керек.

«Басқа елдермен салыстырғанда бізде бала туу бойынша көрсеткіштер оң. Бұл – өте жақсы көрсеткіш», - деді ол.

Еске сала кетейік, Президент Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды, сондай-ақ Мемлекет басшысы «ЭКҰ» бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге арттыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар