Қазақстандық орындаушы Молдавиядағы беделді байқауда бірінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық орындаушы Фархад Мәденов Молдова Республикасының Кишинев қаласында өткен «Douainimigemene» («Екі егіз жүрек») атты ХІІ халықаралық байқауының лауреаты аталды.

«Молдавия, Кишиневте өткен «Douainimigemene» («Екі егіз жүрек») атты ХІІ халықаралық байқауында І орын алдым. Гала-концерт «PALATU NATIONAL» (Ұлттық сарайда) өтті. Менің елімнің туы көтерілді! Мен өте бақыттымын! Румын тілінде «Iartă-mă» (Яртэ-мэ -Кешір мені, мама) әнін орындадым. Тыңдармандар оны жақсы қабылдады», - деп жазды өзінің ВКонтакте-дегі жеке парақшасында Фархад Мәденов.

«Douainimigemene» беделді байқауы ұлы композитор Ион Алдя-Теодорович пен оның жұбайы, танымал әнші Дойна Алдя-Теодоровичті еске алуға арналған. Биылғы жылы байқауға қатысу ниетін 100-ден астам орындаушылар білдірген, алайда іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы 14 елден келген 28 қатысушыны ғана жіберген.

Астаналық әнші Фархад Мәденов Қазақстанның атынан талай түрлі халықаралық байқауларға қатысқан. Осы жылдың маусым айында ол «Қазақстанның алтын дауысы» құрметті атағына ие болды. Бұдан басқа, Фархад - Лас-Вегаста өткен «Хрусталь магнолиясы» атты жас орындаушылардың XIX халықаралық музыкалық байқауының жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар