Қазақстандық орталық АҚШ-та бірқатар келісімге қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің АҚШ-қа сапары барысында А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы суару саласындағы танымал америкалық ұйым Valmont компаниясымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Valmont Industries-пен келісімнің мақсаты - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында суармалы полигон (ақылды полигон) құру. Жоба ауыл шаруашылығы дақылдары мен ирригациялық жүйелерді өсірудің жаңа инновациялық агротехнологияларын, сондай-ақ АШҒӨО базасында мониторинг және бақылау технологияларын көрсетуге бағытталған. Жобаға білім беру, қолданбалы зерттеулер жүргізу және оларды практикалық қолдану үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мамандары мен басшылары, Қазақстанның аграрлық саласындағы кәсіби оқу орындарының оқытушылары тартылатын болады», - делінген аталған орталық таратқан ақпаратта.

Компания ғылыми орталыққа соңғы үлгідегі үш жаңбырлатқыш қондырғыны жеткізеді. Жаңа агрегат өнімділікті арттыруға және су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Тың жобаға бөлінген инвестиция көлемі шамамен 200 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, А.Бараев атындағы «Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен «Daugherty Water for Food Global Institute at the University of Nebraska» компаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар