Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.90 EUR 426.65
RUB 5.82 CNY 55.99
Jańalyqtar

Қазақстандық оркестр Италия төріндегі концертін Денис Теннің рухына арнады

2018 жылғы 25 шілде 00:03 261
Бөлісіңіз:
Қазақстандық оркестр Италия төріндегі концертін Денис Теннің рухына арнады

ИТАЛИЯ. ҚазАқпарат - «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі Италияның Берголо қаласында өткен концертін қаза болған Олимпиада жүлдегері Денис Тенге арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының «Академия солистов» камералық оркестрінің концерті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Velia» музыкалық фестивалі аясында өтті.

Кеш 1 минут үнсіздікпен басталып, Қазақстанның xалық әртісі, «Солистер академиясының» көркемдік жетекшісі Айман Мұсақожаева Денис Тенның қазасына байланысты қазақстандықтар мен оның туған-туыстарына көңіл айтты.

«Жұлдыздай жарқ еткен Денис Теннің мезгілсіз дүниеден өтуі барлығымызға ауыр тиді. Бұл жағдай барша Қазақ елі үшін ауыр қайғы. Сондықтан біз фестиваль аясындағы алғашқы концертті Денис Теннің құрметіне арнадық. Жас әрі талантты, Қазақстан мен әлемнің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген Денис еліміздегі спорттың дамуына зор үлес қосты. Оның есімі, жетістіктері мен ерен еңбегі жүрегімізде мәңгі сақталмақ. Оның жалыны сондай алаулап жанды да, сондай ерте сөнді. Жарқын тұлға Денис Тен - еліміздің жарық жұлдызы. Концертке келген италиялық өнер сүйер қауымға біз Денис туралы әңгімелеп, концертті соның құрметіне арнадық», - дейді А.Мұсақожаева.

Айман Мұсақожаева спортшының рухына арнап Брамстың, Сен-Сансенің, Ваксманның, Сарасатенің белгілі композицияларын орындады.

Сонымен қатар, концерттің шымылдығын Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық» әнімен ашқан дәстүрлі әнші Асқар Мұқият пен отандық опера әншісі Азат Мәлік Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, еуропалықтардың жоғары бағасын алды.

Екі сағатқа созылған концерт талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленді.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT