Қазақстандық өрендер Орталық Азия чемпионатынан 10 медаль олжалап қайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құзға өрмелеуші қазақстандық команда Орталық Азияның жастар арасында өткен чемпионатында 6 алтын және 3 күміс медаль иеленіп қайтты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бапкер Клара Слуцкая хабарлады.

Жарыс құзға екі түрлі өрмелеу бойынша өтті. Онда спортшылардың кедергілерден өту әдісі мен жеделділік қасиеттері бағаланды. Олар 14-15 және 12-13 жас аралығындағылар және 11 мен одан төменгі жастар болып үшке бөлінді.

Турнир Қырғызстан астанасы - Бішкекте өтті. «Жарысқа Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінен спортшылар қатысты. Ресми командалық есеп болған жоқ.

Алайда біздің команда өзгелерден ең көп медаль алған ұжым болды. Үш астаналық спортшы жарыстың абсолютті чемпиондары атанды. Олар: Лейла Шмидке (2001ж.т.), Никита Никитюк (2001ж.т.), Павел Разинков (2007 ж.т.). Олар кедергілер мен жеделділік бойынша сында екі алтын медальды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар