Қазақстандық өрендер Балқан олимпиадасының тарихында алғаш рет 2-орынға ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрама командасы Балқан жасөспірімдер олимпиадасының тарихында алғаш рет екінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кипрдың Ларнака қаласында жасөспірімдер арасында 23-ші Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 17 ресми команда (Балқан аймағының 10 мемлекеті) және 7 қонақ команда (Әзірбайжан, Хорватия, Эквадор, Франция, Сауд Арабиясы, Нигерия және Қазақстан), жалпы саны 112 оқушы қатысты. Олимпиаданы Кипр Республикасының математиктер одағы ұйымдастырды.

«Қазақстан құрама командасы бірнеше жыл бойы осы олимпиадаға қонақ-команда ретінде қатысып келеді. Қазақстандық өрендер Балқан жасөспірімдер олимпиадасының тарихында алғаш рет екінші орынды иеленді. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды» делінген хабарламада.

Команда құрама командасына кірген қазақстандық оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізді: Мырзатаев Айбек - алтын медаль («Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, Атырау қаласы); Тен Юрий - алтын медаль («Haileybury» халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы, Алматы қаласы); Раушанов Марлен - күміс медаль (дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласы); Сәкенов Батырхан - күміс медаль («Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ-ның 9-сынып оқушысы, Алматы қаласы); Қалдыбек Ерасыл - күміс медаль («Білім-инновация» мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы, Тараз қаласы); Әбдікәрімов Бексұлтан - қола медаль (дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, Нұр-Сұлтан қаласы).

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы геометриядан есептерді шешудегі үздіктердің қатарынан табылғанын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар