Қазақстандық өнімдерге Еуропа елдері ерекше қызығушылық танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық тауар өндірушілер Берлинде өтіп жатқан «International Green Week Berlin» атты 84-ші жасыл апта халықаралық көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан азық-түлік өнеркәсібі, бау-бақша, ауыл және орман шаруашылығы бойынша Еуропадағы ең ірі көрмеге қатысты. «International Green Week Berlin» 84-ші жасыл апта халықаралық көрмесі Германия астанасы Берлинде өтуде. Қазақстан соңғы 10 жыл ішінде алғаш рет отандық өңделген азық-түлік өндіруші, экспорт бағдарлаушылардың қатысуымен бірегей ұлттық стенд форматында таныстырылды. Қазақстандық өндірушілердің тауарлары табиғи және органикалық өнім ретінде Еуропа елдерінің іскерлік ортасы және көрмеге қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудыруда»,- деп хабарлайды еліміздің сыртқы сауда палатасы Фейсбук парақшасында.null

Ұлттық стендті Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды.

Берлиндегі аталған көрме 29 қаңтарға дейін жалғасады.

null

Соңғы жаңалықтар