Қазақстандық өнімдер Бейжіңдегі қайырымдылық жәрмеңкеде сұранысқа ие болды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай астанасында «Құстың ұясы» ұлттық стадионына жақын алаңда «Махаббатта шек жоқ» атты 11-ші Халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.
Жиналған қаражат Юньнань провинциясының кедей ауылдарында мектеп алаңдарын салуға жұмсалатын болады.
Жәрмеңкенің ашылу салтанатында Қытайдағы Қазақстан Елшілігі «Үздік шығармашылық қойылым» аталымында жүлдеге ие болды. Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан Елшілігінің Қытайдағы істерінің уақытша сенімді өкілі Уәлихан Сәрсембековке естелік мүсінше табыс етті.
Жәрмеңкеге Қытайдағы аккредиттелген 100-ге жуық шетелдік мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері қатысты.
Қазақстандық павильонда ұлттық сувенирлер мен қолөнер бұйымдары, елімізде шығарылған сусындар мен тәттілер сатылымға қойылды.
«Махаббатта шек жоқ» жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесі 2009 жылдан бері Қытай Сыртқы істер министрінің жұбайының мұрындық болуымен өткізіліп келеді.
Авторы Руслан Сүлейменов
- Атырауда қайырымдылық дүкені көпбалалы аналарға көмек көрсетуде
- Өлкесін дамытуға үлес қосқан жандар «Жомарт жүрек» сыйлығын алды
- Мемлекет басшысы: Әлемдік аренадағы еліміздің беделін нығайтуға міндеттіміз
- Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті
-
Елордада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының штаб-пәтері ашылды
-
ШҚО-да 70-тен астам адам қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам