Қазақстандық өнімдер әлемнің 120 еліне экспортталады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Индустрияландыру бағдарламасының жемісі туралы баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы аптада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустрияландыру бағдарламасының кейінгі 10 жылдағы қорытындысын жариялады. Шынында да, көрсеткіштер тамсандырмай қоймайды. Мәселен, қазақстандық өнімдер әлемнің 120 еліне экспортталады. Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлардың 500 түрі шығарыла бастады. 32 млрд долларлық тікелей инвестиция тартылды. Өнеркәсіптің жаңа бағыттары іске қосылды. Бұрын болмаған автоөндіріс, темір жол мен көлік құрау, тыңайтқыштар өндірісін жолға қойған индустрияландыру векторы - Елбасының стратегиялық маңызы жоғары шешімі болғанын айқындай түседі», - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, бұрын осы шаралардың бәрі де дағдарысқа қарсы шаралар болып саналғанымен, қазіргі уақытта экономиканы дамытудың жүйелі факторына айналған.

Соңғы жаңалықтар