+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Қазақстандық өнім: AliBaba алаңында ұлттық сауда павильоны ашылады

2021 жылғы 14 қыркүйек 12:33
Бөлісіңіз:
Қазақстандық өнім: AliBaba алаңында ұлттық сауда павильоны ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық «QazTrade» ұлттық сауда операторы әлемдік деңгейдегі ірі электрондық сауда алаңдарының бірі - AliBaba-мен келісімшарт жасады. Соның аясында аталған электронды сауда алаңында отандық тауарлардың павильоны ашылмақ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі экспортты дамыту департаментінің директоры Өмірбек Баштай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде бөлшек сауда көлемі 6 пайызға артты Қазақстандықтар көбірек сауда жасайтын болған

«Биыл тамыз айында «QazTrade» ұлттық институты AliBaba-мен келісімшартқа қол қойды. Жыл соңына дейін біздің министрлік AliBaba-мен бірлесіп ұлттық виртуалды павильон ашуды жоспарлап отыр. Ол жерде (kazakhstan.alibaba.com) қазақстандық тауарлар сатылымға шығады. Бұл - қазақстандық тауарларды онлайн сатуға мүмкіндік беретін бөлек электронды сауда алаңы. Аталған платформа арқылы қандай отандық өнімдердің саудаға қойылғанын көруге және сатып алуға болады. Жалпы отандық өнімдерді электронды сауда алаңдарына шығару бойынша экспорттық келісімшарт 62,7 млн АҚШ долларын құрады. Электронды сауда экспорты бағадарламасына негізінен еліміздің шағын және орта бизнесі қатысып жатыр», - деді Өмірбек Баштай.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігінің өкілі отандық 100 компания AliBaba-ның алтын аккаунтына ие болғанын айтқан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT