Қазақстандық өнім әлемнің қанша мемлекетіне экспортталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустриализация жылдарында өңдеу секторындағы кәсіпорындар экспорт географиясын 131 мемлекетке жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануы – саланы дамытудың негізгі шарты. Қазақстанда 2019 жылы өңдеу секторының экспорты 15,8 млрд долларды (2009 жылы 12 млрд доллар) құраған болатын. Оның ішінде металлургия саласында 10 млрд доллардың (65,7 пайыз), мұнай өңдеу саласында 1,8 млрд доллардың (12 пайыз), көлік құрау саласында 1,2 млрд доллардың (7,9 пайыз), азық-түлік өнімін өндіру саласында 1,1 млрд доллардың (7,2 пайыз), химиялық өнеркәсіп саласында 0,9 млрд доллардың (5,8 пайыз) өнімі экспортталды», - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.

Сонымен қатар былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорттағы үлесі 27,3 пайызды құраған.

«Индустриализация жылдарында өңдеу секторындағы кәсіпорындар экспорт географиясын 131 мемлекетке дейін арттырды. Қазақстандық өнімдер Азияға (6,6 млрд доллар, 42%), ЕАЭО елдеріне (3,7 млрд доллар, 24%), Еуропалық одақ елдеріне (2 млрд доллар, 13%), ТМД (1,9 млрд доллар, 12%), Америкаға (0,7 млрд доллар, 4%) шығарылады. 10 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты фармацевтикалық салада 3,9 есе, көлік-құрау саласында 2,9 есе, химиялық өнеркәсіп саласында 2,8 есе, металлургияда 1,2 есе артты», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар