Қазақстандық өнерпаздар Түркияда өткен Халықаралық жастар және спорт мерекесінде көрермен ықыласына бөленді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Түркияда Халықаралық Жастар және спорт мерекесі және Ататүрікті еске алу күні кең ауқымда аталып өтілді. Айтулы күнге арналған мерекелік іс-шараларды Түркия Жастар және спорт министрлігі мен ТҮРКСОЙ бірлесіп ұйымдастырды.

Мерекеге дүние жүзінің 25 елінен 400-дей өнер адамдары мен ұжымдары қатысты. Қазақстаннан Астана филармониясының «Шалқыма» би тобы мен Алматы консерваториясының «Сақ» этномузыка тобы қатысты. Олардың орындауларындағы «Шалқыма», «Шаттық» және «Қосалқа» билері мен «Сақ», «Сағыныш» және «Зәуреш» атты әндер Анкара жұртшылығы мен қонақтардың зор қызығушылығын туғызды.

Концерттер Түркия астанасының үлкен әрі көрікті сахналарында, атап айтқанда «АТО» концерттік залында, стадионда, «Жастар» саябағында және т.б. жерлерде өткізілді.

Соңғы жаңалықтар