Қазақстандық өнерпаздар «Түрікдидар 2010» фестиваліне қатысады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Мамырдың 27-і. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркияның Памуккале қаласындағы ежелгі театрда мамырдың 31-і мен маусымның 3-і аралығында ТРТ-ның (Түрік радиосы мен теледидары) және Деңізлі қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен Халықаралық «Түрікдидар» фестивалі өтеді.

Былтырғы жылы бастау алған бұл фестивальде 16 мемлекеттен әншілер бас қосса, биыл 26 елдің жас таланттары түрік тілінде ән шырқап, бақ сынасатын болады. Олардың қатарында Албания, Грузия, Өзбекстан, Пәкістан, Сирия, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Тунис және тағы басқа елдердің өкілдері бар.

Қазақстанның атынан бұл шараға елімізде танымал «Kesh you» тобы түрік жұртшылығына өнерін танытатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты - түрік тілінің сұлулығын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ түрік музыкасын әлемге таныстыру болмақ.

Соңғы жаңалықтар