+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Қазақстандық өндірушілер биыл 100 мың көлік құрастырады

2020 жылғы 30 сәуір 16:01
Бөлісіңіз:
Қазақстандық өндірушілер биыл 100 мың көлік құрастырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл отандық автоөндірушілер 100 мың техника құрастыруды жоспарлап отыр. Оның 10-15 мыңы экспортқа шығарылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы Қазақстанда автомобиль өнеркәсібінде 359,5 млрд теңгеге 50 447 көлік шығарылып, нақты көлем индексі 162,5% құрады. Барлық жаңа техниканың жартысы ең ірі автокөндіруші «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында шығарылды. Өткен жылы Қостанай зауыты өндірісті екі есеге арттырып, жалпы 25 802 жеңіл, жүк көлігі және автобустар шығарды. Ал биыл өндіріс көлемін 51 400 бірлікке дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Өнімділік өлшемі бойынша қазақстандық «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауыты да көшбасшыға айналды. Өткен жыл қорытындысы бойынша зауытта 20 мың арнаулы техника шығарылды. Биылғы жоспар бойынша кәсіпорында 44 мың техника шығарылуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау секторында 2018 жылдан бастап өндіріс өсімі байқалады. Оған өнімді өткізу кезінде қосымша құн салығын төлеуден босату сияқты мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етті. Өткен жылы 41,2 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы машиналары жасалып, өсім 144% құраған. Отандық өндіріс техникасы егін жинау науқаны барысында жоғары сұранысқа ие болып отыр.

«Оның өнімділігі, тораптары мен агрегаттарының сапасына механизаторлардың айтатын шағымы жоқ», - деді министрліктен..

2019 жылы ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 1200-ден аса трактор шығарылды. Мысалы, Қостанайдағы ауылшаруашылық техникасын өндіруші «Агромашхолдинг KZ» 130-дан астам Lovol тракторын және 355 «Essil» комбайнын шығарды. 2020 жылдың І тоқсанында кәсіпорын 62 трактор және 20 комбайн өндірді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта теміржол машина жасау кластері белсенді дамып келеді. Зауыттарда шығарылатын өнім желісін жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Тұлпар-Тальго» ЖШС зауытында былтыр 91 жолаушы вагоны өндірілді. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ТЭ33А сериялы 11 магистральдық тепловоз шығарды.

«Жалпы биыл автоөнеркәсіп өнімінің жалпы көлемін 100 мың техникаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Оның 10-15 мыңы — Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Әзербайжан және басқа елдерге экспортталмақ. Бүгінде автомобиль саласын дамыту мүмкіндіктері өте мол. 2019 жылы маусым айында машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Ол машина жасаудың барлық кіші салаларын және қолдау шаралары жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Бұл салықтық преференциялар, қаржылық және шикізаттық қолдау, білікті кадрлармен қамтамасыз ету және тағы басқалар», - делінген министрлік ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT