+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстандық омбудсмен Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығымен кездесті

2019 жылғы 25 сәуір 10:21
Бөлісіңіз:
Қазақстандық омбудсмен Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Жидда қаласына (Сауд Аравиясы) жұмыс сапары шеңберінде Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысының орынбасары Хамид Опелойрумен екіжақты келіссөз өткізді.

Омбудсменнің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу барысында қазіргі сын-қатерлер бойынша ислам әлемінде адам құқықтарын қорғау және аталмыш процесте ИЫҰ-ның рөлі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

А. Шәкіров іске асырылған конституциялық реформаның, Қазақстан дамуының кең ауқымды бағдарламаларының мәні, сондай-ақ алдағы Президенттік сайлауға қатысты хабардар етті.

Х. Опелойру Қазақстанның жан-жақты жетістіктері мен ИЫҰ қызметі шеңберінде оның тиімді рөлін жоғары бағалады. Ол алдағы сайлауда қадағалаушы ретінде, сондай-ақ биылғы XII Астаналық экономикалық форум жұмысына ұйымның жоғары өкілдері қатысатынын растады.

Жидда қаласында қазақстандық Омбудсмен ИЫҰ Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясының сессиясына қатысуда. Аталмыш орган Астана қаласында 2011 жылдың маусым айында ИЫҰ Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 38-сессиясында құрылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT