Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге жетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшылар жұма күні таңертең «Air Astana» арнайы рейсімен қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін «Шоуду» Бейжің халықаралық әуежайына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы рейспен конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық командалардың мүшелері келді.

Қазақстан делегациясы ПТР-тест пен төлқұжат бақылауынан өткеннен кейін Олимпиада қалашығына бет алды.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді.

27 қаңтар күні Қазақстан делегациясы Нұр-Сұлтан – Алматы – Бейжің бағыты бойынша қысқы Олимпиада ойындарына ұшып шыққанын кеше жазған болатынбыз.

XXIV қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.


Соңғы жаңалықтар