Қазақстандық оқушылар рекорд жаңартты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғастырып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алған. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар.

«Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты.

Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты», - деген министр жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаған.


Фото: t.me/aimagambetov

Соңғы жаңалықтар