+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Қазақстандық оқушылар өздерінің бизнес жобаларына инвестиция тарта алады

2021 жылғы 19 қаңтар 22:32
Бөлісіңіз:
Қазақстандық оқушылар өздерінің бизнес жобаларына инвестиция тарта алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana Hub технопаркінде оқушыларға арналған «Ozgeris Powered by Halyk Fund» алғашқы онлайн бизнес-инкубаторының қорытындысы шығарылды. Жоба қатысушылары бір айда кәсіпкерлік дағдыларын үйреніп, өздерінің бизнес-идеяларын құрды және өз өнімдерін таныту үшін маркетинг негіздерін зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бизнес-инкубаторға қатысу үшін 200 адам тіркелді, оның 70-і оқытуға іріктеліп алынған, ал финалдық кезеңге 37 оқушы жеткен.

«Бизнес-инкубатор финалистері – Express Pharmacy доңғалақты дәріханасы, Gradu8 мектеп киімі бренді, зергерлік бұйымдар онлайн-дүкені, Shine арнайы фотостудиясы, жеке кондитерлік дүкен, Dala School жасөспірімдерді дамытуға арналған мектебі, Gulde жылыжайларды автоматтандыру жобасы еліміздің ең басты стартап-алаңы - Astana Hub технопаркінде өз жобаларын таныстырды. Финалистер өздерінің шағын бизнесін іске қосу мен тестілеу үшін 50 мың теңге алды. «Халық» қайырымдылық қоры Ozgeris бизнес-инкубаторы қатысушыларына жалпы сомасы 2 млн теңгеге қаржылай қолдау көрсетті.

«Халық» қоры бизнес-инкубатордың бастамасын үлкен қуанышпен қолдайды, онда әрбір жасөспірім өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады, құрдастары мен тәжірибелі менторлардың қолдауына ие болады және өзінің алғашқы өнімдері мен кәсібін жасайды. Біз оқушыларға сәттілік тілейміз және олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне кәсіпкерлік жолында көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз. Болашақта да мектеп жобаларын әрдайым қолдаймыз», – делінген қор үндеуінде.

Бизнес-инкубаторға келесі қабылдау 2021 жылдың ақпан айында өтеді, оған 1000 адамды тіркеу жоспарланып отыр. Қазақстан бойынша 15-18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері жобаға тегін қатыса алады. Өтініш беру үшін atameken.co сайтындағы «Ozgeris» курсын қарау керек. Әсіресе қатысушының идеясы мен бизнес-жобасының бастапқы әзірлемесі артықшылыққа ие болады.

Бағдарламаға қатысу үшін екінші лекке өтінімдер 2021 жылдың 1 ақпанына дейін сайтта қабылданады. Оқыту Atameken Academy платформасында онлайн өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT