Қазақстандық оқушылар Мәскеуде өткен «Математика және жобалау» халықаралық байқауында жобалары үшін жүлделі орындарға ілікті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстандық оқушылар мамырдың 2-сі мен 6-сы аралығында Мәскеуде өткен «Математика және жобалау» халықаралық байқауында жобалары үшін жүлделі орындарға ілікті.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан хабарлады.

Конкурс ғылыми жобаларды қорғау үлгісінде табиғатта және қоғамда шынайы үрдістерді математикалық модельдеу, геометриялық миниатюралар, математика және өнер, математика тарихы, математика ғылымы және электрондық тақырыптық журнал секциялары бойынша өтті.

Қазақстандық жас жобалаушылар байқаудың 4 секциясында 27 жоба ұсынды. Қазылар алқасы Батыс Қазақстан облысындағы қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушылары Данияр Жақсылықов пен Азамат Сағидановтың жұмыстарын ерекше атап өтіп, олар бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ Карина Хан (Ақтөбе қ. № 9 мектеп), «Нұр орда» қазақ-түрік лицейінің (Астана қ.) 10 сынып оқушысы Шыңғыс Әбдіхалық пен Асхат Әбдісбеков, Батыс Қазақстан облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушылары Төлеген Тыныштыбаев пен Айбек Рысқалиев, Ақтөбе қазақ-түрік лицейінің шәкірттері Айбол Дәленбай мен Нұрдәулет Сүлейменов, Павлодар қаласындағы № 10 мектеп лицейдің түлегі Сүлеймен Рахымжанов екінші орынға табан тіреді. Ал елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті Интеллектуалдық мектебінің үш бірдей жоғары сынып оқушылары Нұрсұлтан Есенқұл, Ілияс Қабден, Алмат Маратұлы, О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп интернаттың оқушылары Бекет Иматов, Диас Төлеген, сонымен қатар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектеп лицейдің шәкірті Ержан Молдағалиев үшінші орын алды.

«Дарын» орталығының атап өтуінше, конкурс аясында оқушылар үшін математика мен информатика саласының жетекші ғалымдары дәріс оқыған. Сонымен қатар мәдени бағдарламасы ауқымында қазақстандық оқушылар Қару-жарақ палатасында болып, Третьяков галереясындағы өнер туындыларын тамашалаған.

Соңғы жаңалықтар