Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

2019 жылғы 12 ақпан 00:34 1071
Бөлісіңіз:
Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылардан құралған екі команда Лондонда робот техникадан өткен «VEX Robotics Competition 2019» жарысына қатысып, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үстіміздегі жылдың 9 ақпанында Ұлыбритания астанасында өткен халықаралық жарысқа барлығы 32 команда қатысты. Оның 24-і Ұлыбританиядан, 6-уы Түркиядан және 2-уі Қазақстаннан. Біздің елден қатысқан екі команданың бірі ұлдардан құралған, оның құрамында Бақтияр Теміров пен Жәнібек Манабеков болса, екіншісі қыздар командасы , онда Дильназ Қамалова, Любовь Дудченко және Малика Бөрібаева есімді жерлестеріміз болды.


Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңімпаз атандыҰлдар командасы жұптық жарыста 2 орын иеленсе, ал жеке жарыста (Skills challenge) жігіттер 1 орынды қанжығалады. Қыздар да командалық есепте 2 орынға тұрақтап, одан бөлек сайыс төрешілері қыздардың жұмысын жоғары бағалап, үздік дизайн (Judges Award) ерекше сыйлығын табыс етті.


Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыста жеңімпаз атандыОсылайша, қазақстандық оқушылар командасы Лондонда өткен робототехника бойынша өткен жарыстан (Skills Challenge and Judges Award) екі 1 орын және екі 2 орын жүлдесімен оралды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Еуропа,
Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT