Қазақстандық оқушылар Еуропа олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық оқушылар алғаш рет информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына (European Junior Olympiad in Informatics) қатысып, жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Олимпиадаға 27 мемлекеттен 90-нан астам оқушы қатысқан. Қазақстанның құрама команда мүшелері ұлттық жарыстар қорытындысы бойынша анықталған болатын. Осылайша қазақстандық құрама команда мүшелері – информатика пәні бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері еуропалық сайысқа қатысты.

«Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары марапатқа ие болды. Атап айтсақ, Ван Ли алтын медаль (Алматы қаласындағы РФММ), Таймас Корғанбаев күміс медаль (Алматы қаласындағы № 165 мектеп-лицейі), Әділ Сұлтанов қола медаль (Атырау қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім - Инновация» лицейі), Рамазан Пердебай – қола медаль (Карағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты иеленді», - деп хабарлайды министрліктен.

Биыл European Junior Olympiad Informatics (EJOI) ұйымдастыру комитеті олимпиаданы онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.


Соңғы жаңалықтар