Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасынан жүлделі оралды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстанның мектеп оқушылары Молдованың Кишинев қаласында мамырдың 2-сі мен 8-і аралығында өткен Балқан математикалық олипиадасынан жүлделі оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бүгін «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан хабарлады.

Олимпиада барысында Талдықорған қаласындағы № 20 лицейдің оқушысы Нұрсұлтан Қажымұқанов үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Қазақстан қоржынын Алматыдағы О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп интернаттың оқушылары Азамат Дүйсенбаев, Медет Жанболатұлы, Талдықорған қаласындағы № 20 лицейдің оқушысы Қанат Сатылханов күміс медальдармен толықтырды. Ал Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің оқушысы Нұрлан Қанапин мен Алматыдағы № 134 лицейдің шәкірті Денис Овчинников қола медальді қанағат тұтты.

Айта кетейік, Балқан математикалық олимпиадасы интеллектуалдық, ғылыми жарыстардың арасында мәртебесі жоғары саналады. Ағымдағы жылы олимпиадағы әлемнің 20-дан астам елінінің командалары қатысты.

Соңғы жаңалықтар