+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қазақстандық оқушы Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында мерт болды

2021 жылғы 13 қаңтар 13:18
Бөлісіңіз:
Қазақстандық оқушы Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстандағы Қаракөл тау шаңғысы базасында қазақстандық жасөспірім мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан консулы қаза тапқан баланың туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдармен байланысып отыр. Баланың ата-анасына қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетілетін болады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, отандасымыз шаңғымен сырғанау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау салдарынан қаза тапқан», - деді А.Смадияров.

Қырғыз елінің 24.kg ақпарат агенттігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының 35 жастағы тұрғыны 13 жасар ұлымен 3 қаңтар күні Қырғызстанның Шу облысына қарасты Тоқмақ қаласында тұратын немере ағасының үйіне барған. 10 қаңтар күні қырғызстандық отбасымен және Қазақстаннан келген жиенімен Қаракөлдегі тау шаңғысы базасына демалысқа барған.

«12 қаңтар күні сағат шамамен 13-00-де бала көтергішпен 3 мың 40 метр биіктікке шығып, батыс трассамен төмен қарай сырғанаған. 2 700 метр биіктікте ол батыс трассадан шығыс трассаға бұрыла берісте шыршаға соғылған. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты», - делінген агенттік таратқан Шу облыстық ішкі істер басқармасы ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT