Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадаға Түркия Президентінің ұшағымен келді

None
None
СТАМБҰЛ. Мамырдың 29-і. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстандық Ләззат Шәкенова 8-ші Халықаралық түрік тілі олимпиадасына Түркия Президенті Абдолла Гүлдің ұшағымен келді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биыл мамырдың 26-сы мен маусымның 10-ы аралығында Түркияның астанасы - Анкарада 8-ші Халықаралық түрік тілі олимпиадасы өтіп жатыр.

Қазақстандық Ләззат Шәкенова Олимпиадаға 2 жылдай ерекше қажырлылықпен дайындалып, іріктеу жарысында бірінші орынды иеленді. Аталған сайыста тек өзінің, ата-анасының немесе мектебінің ғана емес, ең бастысы - елінің абыройын ақтап, атын шығаруға талпынды.

Халықаралық олимпиадаға жүргелі тұрғанда, Түркия Президенті Абдолла Гүлдің Астана қаласындағы «Нұр Астана» қазақ-түрік лицейіне арнайы келетіні жөнінде хабар алып, оқушылар шұғыл түрде концерттік бағдарлама дайындауға кірісті.

Ләззат өз кезегінде ән айтып, өнерін танытып, ұмытылмас әсер қалдырды. Бұлбұлдай дауысымен, әсем әнімен көрермендерді бір мезетте баурап алды. Түркия басшысы талантты өнерпаздың әнін Халықаралық түрік тілі олимпиадасында шырқауын қалады.

Анкараға келіп сұхбат берген жерлесіміз Ләззат Шәкеева былай деп өз ойымен бөлісті: «Біз Түркия Президенті Абдолла Гүлдің ұшағымен олимпиадаға баратынымыз жөніндегі ұсынысты естіген кезде, мен сене алмадым, бақытқа бөлендім. Түрік тілі олимпиадасына ел басшысының осыншама көңіл бөлуі мені қатты таңғалдырды».

Соңғы жаңалықтар