Қазақстандық нокаутшының Ковалев - Альварес бокс кешіндегі қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін 4 тамыз күні АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты) өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мейірім Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) және колумбиялық Элейдер Альварес (23-0, 11 КО) бокс кешінің андеркардында өнер көрсетеді. Сегіз раундқа шақталған айқаста Нұрсұлтанов Доминикан Республикасының 33 жастағы боксшысы Хонатан Батистамен (17-14, 10 КО) күш сынасады.

Мейірім Нұрсұлтанов 23 маусым күні Лос-Анджелесте мексикалық Хосуэ Обандомен (16-21-1, 12 КО) айқасып, алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Батиста соңғы жекпе-жегін 16 маусымда өткізген. Онда кубалық Йорденис Угастан (22-3, 11 КО) екінші раундта нокаутпен жеңілген.

Соңғы жаңалықтар