Қазақстандық нокаутер 20 рет жеңімпаз атанған америкалық боксшымен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Баха-оқ» (Баха-пуля) деген лақап атпен танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов кезекті жекпе-жегін шаршы алаңда 20 мәрте жеңіске жеткен америкалық Сонни Фредриксонмен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының ВКонтакте парақшасында хабарлағандай, Бахтияр Эюбов (15-0, 12КО) шаршы алаңға осы айдың соңында шығады.

«BoxRec.com ақпаратына сүйенсек, Бахтиярдың келесі кездесуі 27 сәуір күні Лафайетт қаласында (АҚШ, Луизиана штаты) өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша айқас 28 сәуірге келеді. 32 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы - 24 жастағы Сонни Фредриксон (20-1, 13КО). Бірінші орта салмақтағы айқас он раундқа жоспарланып отыр», - делінген федерация хабарламасында.

Айта кетерлігі, Малвэйнеде (Канзас штаты) өткен соңғы айқасында Эюбов кәсіпқой бокста тұңғыш рет қарсыласы мексикалық боксшы Хосе Луис Родригесті (25-13-1, 13КО) жеңе алмай, тең түскен еді.

Соңғы жаңалықтар