Қазақстандық «Ник Вуйчич» Марадонаға шапан сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аяқсыз туған астаналық оқушы Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік футбол жұлдызы менің ұлымды өз немересіндей құшақтап, бауырына басты. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, қуаныштан жылап отырмын! Барлығы тәтті түстей болды. Әли қақпашы болып, допты қағып алғанда және пас бергенде Диего таңданысын жасырмады», - деп жазды Әлидің анасы Ақмарал Әміреева Instagram парақшасына.
null

Оның айтуынша, танымал футболшымен кездесуге отбасы алдын ала дайындалған және сыйлық ретінде ұлттық шапан сатып алған.

«Бұл кездесу алдын ала жоспарланған болатын және біз Марадонаға аса құрметті адамдарға сыйланатын ұлттық шапан сыйладық. Өз кезегінде, Марадона Әлиге жейде сыйлап, оған қолтаңбасын қойды. Бұл Әлидің ең үлкен арманы еді - доп немесе жейде алсам екен деп тіледі. Ақырында допты да, жейдені де алды», - деді Ақмарал ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.
null

Сондай-ақ, А. Әміреева ұлының түрлі кедергілерге тап болатынын да жасырмады және ерекше балаларға арналған арнайы спорт үйірмелерін ашуды ұсынды.

 «Әлиді бірқатар футбол үйірмелері қабылдамады. Оның денсаулығынан қауіптенген болар. Мұндай балалар қарапайым үйірмелерге қабылданбаса, арнайы үйірмелер ашсын. Олардың спортқа деген құлшынысын өшірмеуіміз керек. Керісінше, инклюзивті тәсілді дамыта түсу қажет», - деді Әлидің анасы.
null

Айта кетейік, бұған дейін Әли Тұрғанбаев өз кумирі, белгілі оратор Ник Вуйчичпен кездесті. Ник Вуйчич Қазақстандағы осындай балалардың ата-аналарының бірігуі керектігін айтып, оған қал-қадірінше көмек көрсететіндігін айтты.

 

 

Соңғы жаңалықтар