«Қазақстандық «Ник Вуйчич» «Ливерпуль» футбол клубымен бірге жаттығу жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогына дайындалып жатқан «Ливерпуль» командасының жабық жаттығуында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен өте бақыттымын!» - деп жазды Әли Instagram парақшасына.

«Ливерпуль» жаңа еуромаусымды ашар матчын «Челсимен» Ыстанбұлда ойнайды. Түрік жұртына барып қайтқанша Әлидің парақшасы Мұхаммед Салах, Роберто Фирмино секілді жұлдыздармен, команданың бас бапкері Юрген Клоппен түскен суреттермен толды.

Бұған дейін Әли теңбіл доптың әлемдік саңлағы Лионель Мессимен кездесіп үлгерген.

Оның алдында елордалық оқушыны әлемдік футбол жұлдыздары Неймар, Эдинсон Кавани және Килиан Мбаппе бауырына тартқан болатын.

Былтыр көктемде Әли Тұрғанбеков өзін іздеп келген аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонаның иығына шапан жапқан.

2017 жылдың желтоқсанында Әли кумирі Ник Вуйчичпен кездескенін жазып едік.


Авторы Азамат Сыздықбаев

Соңғы жаңалықтар