Қазақстандық «Ник Вуйчич» Хабиб Нурмагомедпен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Ник Вуйчич» Хабиб Нурмагомед Әли Тұрғанбеков UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа PSG ойыншыларының қолтаңбасы қойылған допты сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Олар футбол ойнап, бірге суретке түсті.

«Өздеріңіз білесіздер мен PSG ойыншыларымен кездескен болатынмын. Сол кезде Неймар, Мбаппе, ди Марии және Каванидің қолтаңбаларын жинадым. Мен сол допты Сізге сыйлағым келеді », - деп Әли допты Хабибке тапсырды.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов жанкүйерлерімен кездесу үшін Алматыға келді

Еске салсақ, бұған дейін Хабиб Нурмагомедов қазақстандық «Ник Вуйчичке» сыйлық жасаған еді. Сондай-ақ, Әли тіпті әйгілі футбол жұлдызы Лионель Мессимен де кездесіп, фотосуретке түскен. Сондай-ақ, ол Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады.

Ал 2017 жылдың желтоқсан айында Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен жүздескен болатын.

Әли мен анасы Ақмарал ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, отбасыларының соқпақ жолды басып өткенін айтып берген болатын. Дүниеге келген кезінде оның анасына тіпті туыстары баладан бас тартуын айтып, үгіттеген. Әли өскен кезде тіпті ешбір мектеп оны қабылдағысы келмепті. Ақыры, осы қиындықтардың бәрін басып өткен бала елордадағы «Нұр Орда» мектебіне түсіп, күні бүгінге дейін сол білім шаңырағында оқуын жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар