Қазақстандық «Ник Вуйчич»: Димашты үйленгенде тойыма шақырамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Ник Вуйчич» атанған Әли Тұрғанбеков өзінің Димаш Құдайбергенмен достығы туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұмытылмас күн! Барлықтарыңызда бақытты, ұмытылмас күн көп болсын. Достар менің парақшама @kudaibergenov.dimash жазылды. Бақыт үшін сол назардың өзі жеткілікті. Өмірдің әрбір сәтіне сүйініп, ләззат алыңыздар және барлығы үшін Аллаға шүкіршілік етіңіздер. Димаш ағай, сізге үлкен бақыт тілеймін! Мен өте қуаныштымын!», - деп жазды Әли instagram парақшасында .

Әли келесі бір жазбасында Димаш Құдайбергеннің елордадағы №30 мектеп-гимназия оқушыларымен кездескенін атап өткен. Сонымен қатар, танымал әншінің қолтаңбасы жазылған футбол добын сыйлағынан қуана жазады.

«Ең жақсы досым @kudaibergenov.dimash-пен ұзақ уақыт күткен бақыты кездесуімнің бірі болды. Димаш аға қолтаңбасы жазылғын доп қана емес бірге футбол ойнауы арқылы ең қуанышты әрі бақытты осынау минуттарды сыйлады. Бұл супер кездесу, супер, көңіл-күй болды. Димаш аға, сiзге зор денсаулық, бақытты өмiр тiлеймiн. Үйленгенде тойыма шақырамын. Димаш аға, түсінеді. Біз онымен көп әзілдестік», - деді ол.


Еске салсақ, Әли тіпті әйгілі футбол жұлдызы Лионель Мессимен де кездесіп, фотосуретке түскен. Сондай-ақ, ол Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады.

Ал 2017 жылдың желтоқсан айында Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен жүздескен болатын. Айта кетсек, Әли мен анасы Ақмарал ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, отбасыларының соқпақ жолды басып өткенін айтып берген болатын. Дүниеге келген кезінде оның анасына тіпті туыстары баладан бас тартуын айтып, үгіттеген. Әли өскен кезде тіпті ешбір мектеп оны қабылдағысы келмепті. Ақыры, осы қиындықтардың бәрін басып өткен бала елордадағы «Нұр Орда» мектебіне түсіп, күні бүгінге дейін сол білім шаңырағында оқуын жалғастырып жатыр.



Соңғы жаңалықтар