Қазақстандық «Ник Вуйчич» аяғымен жүре бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аяқсыз туған астаналық оқушы Әли Тұрғанбековке протез аяқтармен жүруді үйреніп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлиге арналған протез аяқтарды түркиялық мамандар әзірлеген. 

«Менің жолбарысым жүруді үйреніп келеді. Енді қуаныштан ғана көзге жас келсін деп тілеймін! Аллаға шүкір, ұлымның армандары орындалып келеді. Әрине, Алланың көмегі мейірімді адамдар арқылы бізге жетеді. Риясыз сезіммен қол ұшын созған барша адамдарға алғыс айтамыз. Ұлым екеуміздің бойымыз теңесті және біз ұзақ уақыт бойы құшақтасып тұрдық. «Мама, менің бойым сенімен бірдей болды, тіпті Әмірден (інісі - ред.) де асып кетті», - деді Әли. Дәл осы бақыт үшін, дәл осы қуанышың үшін тауды да қопаруға дайынбыз, ұлым. Тек сен армандауды доғарма. Арманға жетер жол оңай болмады, түрлі қиындықтарға тап болдық. Ең бастысы еңсені түсірмей, алға жылжу керек. Бұл - Әли екеуміздің басты қағидамыз», - деп жазды Әлидің анасы Ақмарал Әбікеева Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Әли Тұрғанбаев өз кумирі, белгілі оратор Ник Вуйчичпен және әйгілі футболшы Диего Армандо Марадонамен кездескен болатын.  Ник Вуйчич Қазақстандағы осындай балалардың ата-аналарының бірігуі керектігін айтып, оған қал-қадірінше көмек көрсететіндігін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар