USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстандық невропатолог-дәрігерлерінің делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркияда болды

2013 жылғы 30 мамыр 11:07
Бөлісіңіз:
Қазақстандық невропатолог-дәрігерлерінің делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркияда болды

ЫСТАМБҰЛ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Білім бағдарламалары бойынша қазақстандықтардың Түркияда кәсіби тәжірибемен алмасу және тағылымдамадан өту саласындағы ынтымақтастық жалғасуда.

Атап айтқанда, Қазақстанның облыстары мен қалаларынан келген невропатолог-дәрігерлер тобы Түркияда тәжірибемен алмасу жөніндегі бағдарлама шеңберіндегі тағылымдаманы аяқтады. Сапар Түркия үкіметі кеңсесінің жанындағы Ынтымақтастық пен үйлестіру жөніндегі агенттігінің (ТИКА) қолдауымен және ТР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара іс-қимылымен ұйымдастырылды.

Қазақстандық емдеу мекемелерінің өкілдері неврологиялық ауруларды қазіргі заманғы емдеу әдістерімен және технологияларымен іс жүзінде танысу мүмкіндігіне ие болды. Тағылымдама Түркия астанасының ең алдыңғы қатарлы клиникаларының бірі болып табылатын Анкара ғылыми-зерттеу клиникасында өтті. Соңында ТР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы қазақстандық дәрігерлерге сертификаттар тапсырды.

Қазақстандық дәрігерлер Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен кездесті. Қатысушыларға қазақстан-түрік қатынастарының ағымдағы жай-күйі, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT