Қазақстандық мүсіншінің монументі Түркиядағы Кёроглы саябағының сәнін келтірмек

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мүсінші Мұрад Мансұров Түркияның солтүстік-батысындағы Болу провинциясының саябағына тұрғызылатын мүсіннің жұмысын аяқтауға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТҮРКСОЙ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, қазақстандық мүсінші 2016 жылы  күллі түркі әлеміне әйгілі «Кёроглы» эпосына арналған ТҮРКСОЙ және Болу муниципалитеті ұйымдастыруымен өткен мүсіншілердің халықаралық дизайнерлік байқауында женімпаз атанған еді.

Себен ауданында орналасқан өнерпаздар ауылындағы III Халықаралық композитарлар кездесуінде Болу қаласының әкімі Алаадин Йылмаз мәдениет және өнер қайраткерлерінің осындай кездесулері жақсы дәстүрге айналатынына сенімін білдірді.

«Кезінде күллі түркінің батыры Кёроглы өмір сүрген Болу өңірі түркі әлемімен тығыс байланыс орнатқан. Біз Болудағы қазақстандық мүсінші басты монументін орнатып жатқан Кёроглы атындағы саябақ құрылысын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар 2018 жылы 25 жылдығын атап өтетін ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Біз шара аясында бірлесіп жаңа жыл - Наурызды тойлауға арналған халықаралық фестиваль өткізуді жоспарлап отырмыз. Кезінде Балу айналасындағы тау шыңына да Наурыз атауы берілген болатын» - деп атап өтті қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар