Қазақстандық мұнай-газ тасымалдаушылары туралы мәліметтер базасы жасалады

None
None
АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Елімізде Қазақстандық мұнай-газ тасымалдаушылар туралы мәліметтер базасы жасалады. «Алғашқы пункт Қазақстан» (АПҚ) деп аталатын бағдарлама аясында жүзеге асырылатын мәліметтер базасы 3 айдан кейін іске қосылады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат АПҚ жобасын жүзеге асырушы «Аджип ККО», «Теңізшевройл», «Қарашығанақ» мұнай компанияларына сілтеме жасап.

         Мәліметтер базасы веб сайт түрінде көрініс табады. Бұл қазақстандық тасымалдаушылардың тізімін жасақтап, олардың қызметін шет елдік компаниялардың пайдалануына мүмкіндік жасайтын болады. Жоба құрылтайшыларының айтуынша, бұл Қазақстанның өндірісін дамытуға ықпал жасайтын қадамдардың бірі. Мәліметтер базасында «Мұнайгаз», «Коммуналдық мекемелер», «Мемлекеттік сектор», «Көлік», «Құрылыс», «Тау-кен өндірісі», «Фармацептика өндірісі», «Телекоммуникациялық технологиялар» сынды 8 бөлім бар. «АПҚ» жобасына ресми тіркелген кез-келген қазақстандық компания қатыса алады. Бұл мәліметтер базасына тіркелген компаниялар халықаралық  Achilles мұнай-газ мәліметер базасына автоматты түрде қосылмақ. Achilles  мәліметтер базасына 500 ең ірі әлемдік мекеме мен 30 мың тасымалдаушы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар