Қазақстандық мультсериалдар АҚШ, Латын Америкасы елдерінде көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық мультсериалдар енді Америка құрлығында көрсетіледі. Бұл туралы «Балапан» арнасының директоры Мақпал Жұмабай әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы уақытта «Balapan» арнасының 5 анимациялық жобасы АҚШ-та кабельдік арналар, ал Латын Америкасы елдерінде VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі. Енді «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» жобаларын аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көру мүмкіндігі бар. Келісімшарт АҚШ-тың желілік және спутниктік хабар тарату қызметін жүзеге асыратын «Olympusat» компаниясымен жасалды», - деді М. Жұмабай.

Сонымен қатар, ол «Balapan»-ның анимациялық жобалары Ресейдегі №1 онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасына жүктелгенін жеткізді.

«Енді «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультсериалдарын аталған платформадан тамашалауға болады. Айта кету керек, IVI.RU платформасының контенті бір айда 50 миллионға жуық қаралым жинайды», - деп толықтырды ол.


Соңғы жаңалықтар