Қазақстандық мөлшерді арттыру тұрғысында 2010 жылдан бастап толық түрде жұмыс істеудің барлық жағдайлары ескерілді - ҚР вице-премьері

None
None
күйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандық мөлшерді арттыру тұрғысында 2010 жылдан бастап толық түрде жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар ескерілді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазақстандық қамтуды дамыту бойынша заң жобасын әзірлеу барысында барлық мүдделі мемлекеттік органдар, шетелдік инвесторлар өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен өндірушілер тартылған.

«Жұмыс тобы халықаралық тәжірибені мұқият талдап шықты. Қазіргі таңда 8 нормативті-құқықтық актілер қабылданды. Мемлекеттік органдар арасында қазақстандық қамту бойынша құзірет аялары белгіленді, бірыңғай қазақстандық үлесті есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді»,-деді С. Ахметов. Сонымен қатар ол тауардың шығу орнын растайтын KZ сертификатының жаңа саны қабылданғанын жеткізді.

Қазақстандық үлес бойынша арнайы портал құрылғанына тоқталған С. Ахметов, «жұмыс тобы қазақстандық мөлшерді арттыру тұрғысында 2010 жылдан бастап толық түрде жұмыс істеу үшін барлық жағдайларды ескерді» деді.

Аталған жоба Елбасы тарапынан басым бағыттар ретінде жарияланғаннын ескеріп өткен С. Ахметов, осыған байланысты ол қазанның 1-іне дейін Парламентке енгізуге негізделгенін  айтты.

«Өткен жылы Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырма берген. Осы қазақстандық қамтуды дамыту бойынша бүгінде  жауапты адамдар тиісті жұмыстарды атқарды және заң жобасы дайындалды», -деді Үкімет отырысының соңында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар