Қазақстандық модель Бибі Нью-Йорктегі сән апталығына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bibi есімімен танымал қазақстандық модель Бибісара Шәріпова Нью-Йорктегі сән апталығындағы (New York Fashion Week 2016) дизайнерлік көрсетілімдерге қатысуда.

Бұл туралы модель Инстаграмдағы парақшасында баяндап берді.

Bibi жас америкалық модельер Кристиан Сирианоның (Christian Siriano) көрсетіліміне қатысқанын атап өтейік.

Нью-Йорктегі сән апталығы - бүкіл әлемнің сәнқойлары тағатсыздана күтетін фэшн-индустриясындағы жыл сайынғы елеулі оқиға. Одан кейін Нью-Йорк эстафетаны Лондон, Милан және Парижге тапсырады.

Айта кетейік, Бибісара Шәріпованың бұл танымал шоудың авторлық көрсетілімдеріне қатысып жүргеніне бірнеше жыл болды.

Соңғы жаңалықтар