Қазақстандық ММА шебері жеңісін Денис Тенге арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ингушетияның Таргиме қаласында M-1 Challenge-95: Таудағы айқастар-7 өтуде. Онда қазақстандық жекпе-жек шебері Сергей Морозов украиндық Зака Фатуллазадені техникалық нокаутпен жеңді. Бұл туралы Қазақстан ММА федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айқастың алғашқы минуттарында-ақ Сергей Морозов басымдықты қолға алды. Фатуллазадені партерге ығыстырған ол бірнеше жойқын соққыларын жіберді. Осылайша, 1 раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Жекпе-жектен кейін сөйлеген сөзінде Сергей бұл жеңісін қаза болған Денис Тенге арнайтындығын айтты.

«Бұл жеңісімді таяу күндері қайғылы жағдайда көз жұмған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнаймын. Жеңісім оған және бүкіл Қазақстанға арналады. Алға, Қазақстан!», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар