Қазақстандық ММА шебері қырғыз спортшысымен екінші рет кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА шебері Руслан Серікполов (13-5) NFC 15 турнирінің басты жекпе-жегіне шығады, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА. 

4 тамыз күні Ақтауда Руслан Серікполов қырғыз спортшысы Қаныбек Жәнібекуулумен кездеседі.

28 жастағы қазақстандық файтер Руслан Серікпулов аралас жекпе-жектен өтетін турнирлерге 2014 жылғы желтоқсаннан бері қатысып жүр. Осы уақыт аралығында 18 айқастың он үшінде жеңіске жетіп, бесеуінде ұтылған.

Sherdog.com сайтының мәліметіне қарағанда, қырғызстандық Қаныбек Жәнібекуулы спорттық мансабында 5 рет жеңіліп, 4 рет жеңімпаз атанған.

Айта кетсек, алдағы жекпе-жек көрермендер ең қатты асыға күткен айқасқа айналып отыр. Спортшылар бұған дейін мамыр айында өткен NFC 14 шоуында кездескен.  Ол кезде төрешілер жеңісті қазақстандыққа берген еді. 

Соңғы жаңалықтар