Қазақстандық мергендер халықаралық турнирден екі медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің Эль-Айн қаласында нысана көздеу және стенд ату спортынан әйелдер арасында өткен ірі халықаралық турнирде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған турнирге әлемнің 22 мемлекетінен 115 спортшы қатысты.

Стенд атудан қазақстандық мергендер жүлделі екі орын жеңіп алды. Атап айтар болсақ, «скит» бойынша Рината Насырова күміс, Зоя Кравченко қола жүлдегер атанды. Ал «трап» бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко 4-ші, Сәрсенкүл Рысбекова 5-ші орында.

Нысана көздеуден Қазақстан атынан алты мерген қатысып, ең жоғарғы нәтижені Елизавета Король тіркеді. Шымкенттік спортшы винтовкамен нысана көздеуде финалға өтіп, 4-ші сатыға тұрақтады.

Нысана көздеуден өзге спортшыларымыздың көрсеткіштері төмендегідей:

1. Малиновская Александра - 5 орын (мылтық)
2. Старостина Виолетта - 8 орын (мылтық)
3. Комендра Юлия - 10 орын (тапанша)
4. Аксенова Ольга - 11 орын (тапанша)
5. Локтионова Ирина - 12 орын (тапанша).

null 

Соңғы жаңалықтар